22/07/2026
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Руслан Жұмағұлов екі елдің мемлекеттік органдары, бизнес, салалық қауымдастықтар, ғылыми институттар мен жетекші компанияларының өкілдерін біріктірген Түсті металлургияны тұрақты дамыту жөніндегі Қытай-Қазақстан форумына қатысты.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген Руслан Жұмағұлов түсті металдар мен маңызды минералдар саласында айтарлықтай әлеуетке ие Қазақстан үшін өндірілетін пайдалы қазбаларды терең өңдеуді дамыту, қосылған құны жоғары өнімдер жасау, заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту негізгі міндет екенін атап өтті.
«Біз бірлескен кәсіпорындар құрудан және жобалық қаржыландыруды тартудан бастап, Қазақстан ішіндегі өңдеу қуаттарына тікелей инвестиция салуға дейінгі тұрақты әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың түрлі форматына ашықпыз», — деп атап өтті Руслан Жұмағұлов.
«Тау-Кен Самұрық» геологиялық барлау мен өндіруден бастап металдарды өңдеуге дейінгі бүкіл өндірістік тізбек бойынша жобаларды жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл ретте инвестициялар тартуға, технологиялық серіктестікті дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады.
________
«ТАУ-КЕН САМРУК» ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В КАЗАХСТАНСКО-КИТАЙСКОМ ФОРУМЕ ПО УСТОЙЧИВОМУ РАЗВИТИЮ ЦВЕТНОЙ МЕТАЛЛУРГИИ
Главный директор по экономике и финансам АО «НГК «Тау-Кен Самрук» Руслан Жумагулов принял участие в Китайско-Казахстанском форуме по устойчивому развитию цветной металлургии, объединившем представителей государственных органов, бизнеса, отраслевых ассоциаций, научных институтов и ведущих компаний двух стран.
Выступая на открытии форума, Руслан Жумагулов отметил, что для Казахстана, обладающего значительным потенциалом в сфере цветных металлов и критически важных минералов, ключевой задачей является развитие глубокой переработки добываемых полезных ископаемых, создание продукции с высокой добавленной стоимостью, внедрение современных технологий и расширение промышленной кооперации.
«Мы открыты к различным форматам устойчивого взаимовыгодного сотрудничества - от создания совместных предприятий и привлечения проектного финансирования, до прямых инвестиций в перерабатывающие мощности внутри Казахстана», - подчеркнул Руслан Жумагулов.
«Тау-Кен Самрук» последовательно развивает проекты по всей производственной цепочке — от геологоразведки и добычи до переработки металлов, уделяя особое внимание привлечению инвестиций, развитию технологического партнерства и реализации совместных проектов.