02/06/2026
КПО компаниясы ҚКЖ-1Б жобасы алғаш рет газды қабатқа қауіпсіз кері айдағанын қуана хабарлайды. Бұл аса маңызды белес қауіпсіз түрде, жоспарланған мерзімнен ерте аяқталды. Жоба аясында 7 миллионнан астам адам-сағат жұмыс атқарылды, оның ішінде соңғы ЕҚЖЖ-ден кейін жұмыс уақытын жоғалтусыз 5,5 миллион адам-сағат орындалды. Бұл кезең Қазақстандағы ең ірі мұнай және газ кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақ жобасындағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
КПО-ның осы маңызды белесті еңсеруі оның Қарашығанақ кен орнын қауіпсіз, жауапты және тиімді игеруге деген міндеттемесіне беріктігін көрсетеді. Бұл жаңа компрессор қойнауқаттағы қысым деңгейін ұстай отырып, кен орнындағы сұйық көмірсутектер өндіру бойынша ең жоғары деңгейді сақтап тұру мерзімін ұзартады, сондай-ақ КПО-ның газды дайындау бойынша өнімділігін және қабатқа кері айдалатын газдың көлемін едәуір арттырады деп күтіледі.
Геосаяси шиеленістер, логистикалық шектеулер және жеткізілімдерді ұйымдастыру тізбегіндегі үзілістер сияқты сыртқы қиындықтарға қарамастан, сәтті іске асырылып жатқан бұл жоба – КПО-ның жобаларды жүзеге асыру саласындағы асқан шеберлігінің және өндірістік ортаның күрделі жағдайларындағы тұрақтылығының тағы бір айғағы.
КПО жергілікті қамтуды барынша ұлғайтуға және жергілікті тұрғындардың дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуіне үлес қосуға деген міндеттемелерін берік ұстанып келеді. Осы күнге дейін ҚКЖ-1Б жобасындағы жергілікті қамту көрсеткіші 39%-ды құрап, көзделген 45%-дық мақсатты көрсеткішке қарай жылжып келеді. Құрылыс сатысында жобада жергілікті персонал үшін 2 000-нан астам жұмыс орны ашылды, олар эксплуатация сатысында да сақталады деп күтіледі.
Елдің энергетика саласында Қарашығанақты стратегиялық актив ретінде бекітетін бұл белес ҚР Үкіметінің энергетика секторын тұрақты дамыту бойынша мақсаттарымен үйлесімді ұштасады. Жоба басталғалы бері, Қарашығанақ салықтар және басқа міндетті төлемдер арқылы мемлекеттік бюджетке айтарлықтай үлес қосты. ҚКЖ-1Б жобасының сәтті аяқталуы – Қарашығанақ кен орнын үздіксіз игеру жолындағы маңызды қадам. Бұл жетістік өндірістің ұзақ мерзімді тұрақтылығын, экономиканың өсуін және өңірдің дамуын қамтамасыз етеді.
«Газды қабатқа кері айдау белесін мерзімінен бұрын бағындыру және бұл орайда қауіпсіздік техникасы саласында тамаша көрсеткіштерге жету – жобаға атсалысқан барлық ұжымның кәсіпқойлығы мен тығыз ынтымақтастығының айғағы», – деп атап өтті КПО бас директоры Марко Марсили. «Бұл жоба өндіріс деңгейін тұрақты сақтау мен барлық мүдделі тараптарға ұзақ мерзімді құндылық әкелуге маңызды рөл атқарады».
***
КПО сообщает о безопасном запуске обратной закачки газа в рамках проекта ПРК-1Б. Этот ключевой этап был безопасно достигнут с опережением графика: в ходе работ было отработано свыше 7 миллионов человеко‑часов, из которых 5,5 миллионов человеко-часов – без происшествий с потерей рабочего времени. Это достижение способствует поддержанию устойчивой добычи на одном из крупнейших нефтегазовых месторождений страны.
Этот результат подтверждает неизменную приверженность КПО принципа безопасной, ответственной и эффективной эксплуатации Карачаганакского месторождения. Ожидается, что новый компрессор позволит значительно увеличить совокупные мощности КПО по подготовке газа, а также объемы обратной закачки газа, обеспечивая поддержку пластового давления и продление плато добычи жидких углеводородов.
Проект успешно реализовывался, несмотря на внешние вызовы, включая геополитическую напряженность в мире, логистические ограничения и сбои в организации поставок, в очередной раз доказывая способность КПО выполнять масштабные проекты и устойчивость при работе в сложных условиях.
КПО продолжает уделять приоритетное внимание развитию местного содержания, поддержке местных сообществ и вкладу в устойчивый экономический рост. На сегодняшний день доля местного содержания в проекте ПРК-1Б достигла 39%, уверенно приближаясь к целевому уровню 45%. На этапе строительства проект обеспечил занятость более чем 2 000 местных работников и, как ожидается, продолжит поддерживать создание рабочих мест в период эксплуатации.
Данное достижение способствует выполнению целей Правительства Республики Казахстан в области устойчивого развития энергетического сектора и укрепляет позицию Карачаганакского месторождения как стратегического актива национальной энергетической системы. С момента начала разработки месторождения Карачаганак обеспечил значительный вклад в государственный бюджет за счёт налогов и иных обязательных платежей. Успешная реализация проекта ПРК-1Б является важным этапом дальнейшего развития месторождения, обеспечивая долгосрочную стабильность добычи, экономический рост и развитие региона.
«Достижение этапа закачки газа с опережением графика при высоких показателях в области промышленной безопасности отражает самоотдачу, профессионализм и эффективное взаимодействие всех задействованных команд», — отметил генеральный директор КПО Марко Марсили. «Этот проект играет ключевую роль в поддержании уровня добычи и создании долгосрочной ценности для всех заинтересованных сторон», добавил он.
***
KPO is pleased to announce that the KEP-1B Project has safely achieved First Gas Reinjection. This key milestone was safely completed ahead of schedule, with over 7 million man-hours worked, including 5.5 million LTI-free man-hours recorded since the last LTI. This milestone supports sustained production from one of the country's largest oil and gas fields.
Achievement of this milestone demonstrates KPO's ongoing commitment to safe, responsible and efficient operation at the Karachaganak field. The new compressor is expected to significantly increase the KPO overall gas treatment capacity together with the gas re-injection volumes, maintaining reservoir pressure and extending the field's liquid production plateau.
The project progressed successfully despite external challenges, including geopolitical tensions, logistical restrictions, and supply chain disruptions, demonstrating KPO's strong project ex*****on capabilities and resilience in a complex operating environment.
KPO remains committed to maximizing local content and supporting the development of local communities and contributing to sustainable economic growth. To date, the KEP-1B Project has achieved 39% local content, progressing toward the overall project target of 45%. During the construction phase, the project created employment opportunities for more than 2,000 local personnel and is expected to continue supporting jobs during the operation phase.
This milestone supports the RoK Government's objectives for sustainable energy sector development and reinforces Karachaganak's position as a strategic asset in the country's energy system. Since the inception of the Project, Karachaganak has made substantial contributions to the national budget through taxes and other mandatory payments. The successful delivery of the KEP-1B Project marks an important step in the continued development of the Karachaganak field, ensuring long-term production stability, economic growth and regional development.
“Achieving the Gas Injection milestone ahead of schedule and with an excellent safety record reflects the dedication, professionalism and strong collaboration of all teams involved" noted Marco Marsili, KPO General Director. “This Project plays a key role in sustaining production and delivering long-term value to all stakeholders".