17/06/2026
«Азиялық Газқұбыры» ЖШС объектілерінде 2026–2027 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне өндірістік инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері «Азиялық Газқұбыры» ЖШС Бас директоры Өтепов Мират төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.
Дайындық шеңберінде, өндірістік объектілердің ғимараттары мен құрылыстарын тексеру, магистральды газқұбырының желілік бөлігінің трассасын тексеру, компрессор станцияларының апатқа қарсы қорғау жүйелерін кешенді тексеру, сондай-ақ қызметкерлердің, техниканың және материалдық-техникалық ресурстардың дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.
2026 жылдың алғашқы бес айында күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде, төрт газ генераторына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, халықаралық жөндеу цехтарында үш күштік турбинаға және бір ортадан тепкіш компрессорға күрделі жөндеу жасалды. Сонымен қатар, екі газ поршенді электр станциясына, екі ауа компрессорына күрделі жөндеу жүргізіліп, бір су жылыту қазандығы ауыстырылды. Магистральды газқұбырының желілік бөлігіндегі бес учаскеде анықталған ақаулар жойылды.
2026 жылдың аяғына дейін тағы төрт газ генераторына күрделі және орташа жөнд�