U.A. Joldasbekov Institute of Mechanics and Engineering, Kazakhstan, MSHE

U.A. Joldasbekov Institute of Mechanics and Engineering, Kazakhstan, MSHE JIME: Where Ideas Ignite Progress! We adapt, evolve, and lead!

11/03/2026

О проведении 15 марта 2026 года общенационального республиканского референдума по новой Конституции

Механизмдер мен машиналар саласындағы 6-шы Дүниежүзілік студенттік олимпиадасы (SIOMMS-2025) 2025 жылдың 26-28 қараша ар...
28/11/2025

Механизмдер мен машиналар саласындағы 6-шы Дүниежүзілік студенттік олимпиадасы (SIOMMS-2025)
2025 жылдың 26-28 қараша аралығында Алматы қаласында, Satbayev University базасында Қазақстан тарихында алғаш рет механизмдер мен машиналар теориясы және роботтар механикасы бойынша 6-шы Дүниежүзілік студенттік олимпиада (SIOMMS-2025) өтті. Олимпиада механизмдер мен машиналар саласындағы ғылымды дамыту жөніндегі Халықаралық федерация (IFToMM) қолдауымен ұйымдастырылды.
Олимпиада екі жылда бір рет өткізіледі, ал оны қабылдайтын ел IFToMM Президиумының шешімімен анықталады. Қазақстанның бұл халықаралық іс-шараны өткізу құқығын алғаш рет иеленуі – отандық ғылыми мектептің механизмдер мен машиналар теориясын дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болып табылады.
IFToMM Халықаралық федерациясы Еуропа, Азия және Америкадағы жетекші инженерлік орталықтарды қамтитын 45 мүше елді біріктіреді.
Олимпиадаға Қытай, Түркия, Ресей, Үндістан, Испания, Венесуэла, Қырғызстан және басқа да елдерден келген студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: IFToMM Kazakhstan, Satbayev University және академик У.А. Джолдасбеков атындағы Механика және машинатануы институты. Іс-шараға Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы қолдау көрсетті.
Олимпиада бағдарламасының қамтылуы:
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, IFToMM Президиумы және Satbayev University басшылығы қатысқан ашылу рәсімі;
– «Механизмдер және машинатануы» және «Роботтар механикасы» бағыттары бойынша конкурс тапсырмалары;
– халықаралық лекциялық сессия және Satbayev University зертханаларына экскурсиялар;
– жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және мәдени бағдарлама.
SIOMMS-2025 олимпиадасының Қазақстанда өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық инженерлік мектептің беделін арттыруға және студенттердің жаһандық ғылыми-техникалық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.
_______________________________________________________________________
6-я Всемирная студенческая олимпиада в области механизмов и машин (SIOMMS-2025)
С 26 по 28 ноября 2025 года в г. Алматы, на базе Satbayev University, впервые в истории Казахстана прошла 6-я Всемирная студенческая олимпиада по теории механизмов и машин и механике роботов (SIOMMS-2025) под эгидой Международной федерации по развитию науки в области механизмов и машин (IFToMM).
Олимпиада проводится раз в два года, и страна-организатор определяется решением Президиума IFToMM. Казахстан впервые удостоен чести принять данное международное соревнование, что является признанием вклада отечественной научной школы в развитие теории механизмов и машин.
Международная федерация IFToMM объединяет 45 стран-членов, включая ведущие инженерные центры Европы, Азии и Америки.
В олимпиаде приняли участие студенты и преподаватели из Китая, Турции, России, Индии, Испании, Венесуэлы, Кыргызстана и других стран, а также университетские команды из вузов Казахстана.
Организаторами мероприятия выступили IFToMM Kazakhstan, Satbayev University и Институт механики и машиноведения имени академика У.А. Джолдасбекова при поддержке Национальной инженерной академии Республики Казахстан.
Программа Олимпиады включала:
– церемонию открытия с участием представителей МНВО РК, Президиума IFToMM и руководства Satbayev University;
– проведение конкурсных заданий по направлениям «Механизмы и машиноведение» и «Механика роботов»;
– международную лекционную сессию и экскурсии по лабораториям Satbayev University;
– церемонию награждения победителей и культурную программу.
Проведение SIOMMS-2025 в Казахстане способствовало укреплению международного сотрудничества, повышению имиджа отечественной инженерной школы и расширению возможностей для вовлечения студентов в глобальные научно-технические инициативы.

2025 жылдың 26-28 қараша аралығында Алматы қаласында, Satbayev University базасында Қазақстан тарихында алғаш рет механи...
28/11/2025

2025 жылдың 26-28 қараша аралығында Алматы қаласында, Satbayev University базасында Қазақстан тарихында алғаш рет механизмдер мен машиналар теориясы және роботтар механикасы бойынша 6-шы Дүниежүзілік студенттік олимпиада (SIOMMS-2025) өтті. Олимпиада механизмдер мен машиналар саласындағы ғылымды дамыту жөніндегі Халықаралық федерация (IFToMM) қолдауымен ұйымдастырылды.
Олимпиада екі жылда бір рет өткізіледі, ал оны қабылдайтын ел IFToMM Президиумының шешімімен анықталады. Қазақстанның бұл халықаралық іс-шараны өткізу құқығын алғаш рет иеленуі – отандық ғылыми мектептің механизмдер мен машиналар теориясын дамытуға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болып табылады.
IFToMM Халықаралық федерациясы Еуропа, Азия және Америкадағы жетекші инженерлік орталықтарды қамтитын 45 мүше елді біріктіреді.
Олимпиадаға Қытай, Түркия, Ресей, Үндістан, Испания, Венесуэла, Қырғызстан және басқа да елдерден келген студенттер мен оқытушылар, сондай-ақ Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: IFToMM Kazakhstan, Satbayev University және академик У.А. Джолдасбеков атындағы Механика және машинатануы институты. Іс-шараға Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясы қолдау көрсетті.
Олимпиада бағдарламасының қамтылуы:
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, IFToMM Президиумы және Satbayev University басшылығы қатысқан ашылу рәсімі;
– «Механизмдер және машинатануы» және «Роботтар механикасы» бағыттары бойынша конкурс тапсырмалары;
– халықаралық лекциялық сессия және Satbayev University зертханаларына экскурсиялар;
– жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және мәдени бағдарлама.
SIOMMS-2025 олимпиадасының Қазақстанда өткізілуі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық инженерлік мектептің беделін арттыруға және студенттердің жаһандық ғылыми-техникалық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

2025 жылғы 22 қыркүйек пен 29 қараша аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6B05302 – «Физика» мам...
04/11/2025

2025 жылғы 22 қыркүйек пен 29 қараша аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6B05302 – «Физика» мамандығының 4-курс студенттері Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты базасында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында студенттер Институттың құрылымы және негізгі ғылыми бағыттарымен танысып, зертханалардың жұмысымен жақыннан танысты. Бағдарламаға сәйкес төмендегі бағыттар бойынша тәжірибелік жұмыстар орындалды:
Autodesk Inventor ортасында жобалау
Python бағдарламалау тілін қолдана отырып физика-математика есептерін шығару
Студенттерге Институт мамандары тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, әрбір студент жеке тапсырмалар орындады. Тәжірибе қорытындысы бойынша институт басшылығы олардың жауапкершілігін, ынтасын және кәсіби әлеуетін жоғары бағалады.
________________________________________________________________________
Студенты 4 курса специальности 6B05302 – «Физика» Казахского национального женского педагогического университета в период с 22 сентября по 29 ноября 2025 года прошли производственную практику на базе Институт механики и машиноведения имени академика У.А. Джолдасбекова.
В ходе практики студенты ознакомились со структурой института, его научными направлениями и работой лабораторий. В соответствии с программой практики были выполнены следующие направления:
Проектирование в среде Autodesk Inventor
Решение физико-математических задач с использованием языка программирования Python
Студентам была оказана методическая поддержка, каждая работа выполнялась в индивидуальном порядке. По итогам практики руководство института высоко оценило их ответственность, инициативность и профессиональные способности.

Құрметті әріптестер!Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Республика күнімен және Мемлекеттік егемен...
24/10/2025

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Республика күнімен және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл тарихи күн – халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін, мемлекет құруға деген ұмтылысын бейнелейтін маңызды кезең. Республика күні – Қазақстанның мемлекеттік негізі қаланған, халқымыздың тағдырын айқындаған тағылымды күн.
Бүгінде ғылым – ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Зерттеулеріміздің нәтижелері тек теориялық маңызға ие болып қоймай, өндіріс пен технологияда, ұлттық экономика мен әлеуметтік даму салаларында нақты қолданылып келеді. Бұл – баршаңыздың ерен еңбегіңіздің жемісі.
Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты – еліміздің іргелі ғылыми орталығы ретінде отандық ғылым мен инженерлік ойдың дамуына зор үлес қосып келеді. Институт ұжымының жоғары кәсіби әлеуеті, ғылыми жауапкершілігі мен ізденісі ел ғылымының болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Осы мерейлі мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми табыстар және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы бейбіт аспанымызда мәңгі желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Уалиев Заир Гахипұлы
техника ғылымдарының докторы, профессор, академик
Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы
Механика және машинатану институтының
бас директоры

🔹 Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй қазақстандық делегацияны ресми қабылдадыҚабылдау барысында өңір басшысы ...
21/10/2025

🔹 Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэй қазақстандық делегацияны ресми қабылдады
Қабылдау барысында өңір басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик Амандық Қуатұлы Тулешов бастаған делегацияны жылы қарсы алды.
🎙 Академик А.К. Тулешов екі ел арасындағы достық қатынастар университеттер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ғылыми-практикалық және білім беру ынтымақтастығын дамытуға кең мүмкіндік беретінін атап өтті.
🤖 Шэньян автоматтандыру институты мен Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының робототехникалық жүйелер мен жасанды интеллект әдістерін әзірлеуге бағытталған бірлескен жобалары аталды.
🤝 Қабылдау — ғылым мен инновациялар саласындағы сенімді серіктестіктің белгісі.
Сонымен қатар, академик А.К. Тулешов Ляонин подфорумының пленарлық сессиясында баяндама жасап, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі ҚР Президентінің Жолдауы негізінде қазақстандық делегацияның қатысуының өзектілігін атап өтті.
Ол Қазақстанның стратегиялық бағыты – цифрлық трансформация, жасанды интеллект экожүйесін дамыту және халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастық екенін ерекше атап өтті.
🌐 Шэньяндағы алаң — бірлескен жобалар, технология трансфері мен ғылыми-инженерлік кадрлар даярлауға арналған нақты іс-қимыл алаңы.

2025 жылғы қазан айында Қытай Халық Республикасында өткен Пудзянь инновациялық форумы – 2025 аясында Қазақстан Республик...
21/10/2025

2025 жылғы қазан айында Қытай Халық Республикасында өткен Пудзянь инновациялық форумы – 2025 аясында Қазақстан Республикасының ғылыми қауымдастығы атынан беделді делегация форум жұмысына қатысты. Аталған форумға Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры Заир Гахипұлы Уалиев пен институттың ғылыми кеңесшісі Амандық Қуатұлы Төлешовтің жетекшілігімен институттың өкілдері де қатысты. Пудзянь инновациялық форумы – Қытай Ғылым және технология министрлігі мен Шанхай қаласы Үкіметінің бастамасымен құрылған, ғылыми-техникалық прогрестің басым бағыттарын, сондай-ақ жоғары технологиялық салалардағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайтын беделді халықаралық алаң. Форум аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллект және интеллектуалды өндіріс мәселелеріне арналған Ляонин подфорумы өтті. Подфорум шеңберінде өнеркәсіпті жаңғырту, смарт-өндірісті дамыту, сондай-ақ пилоттық енгізуден бастап технологияларды жергіліктендіруге дейінгі кезеңдер бойынша екіжақты әріптестікті кеңейту мәселелері қарастырылды. Қазақстандық делегацияның форумға қатысуы еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға және шетелдік әріптестермен инновациялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. ____________________________________________________________________________
В октябре 2025 года в Китайской Народной Республике состоялся Пудзянский инновационный форум – 2025, в рамках которого прошли мероприятия, посвящённые актуальным вопросам научно-технологического развития. В составе казахстанской делегации в работе форума приняли участие представители Института механики и машиноведения имени У.А. Джолдасбекова во главе с генеральным директором института Заир Гахиповичем Уалиевым и научным советником института Амандык Куатовичем Тулешовым. Пудзянский инновационный форум создан по инициативе Министерства науки и технологий Китая и правительства города Шанхай. Форум является одной из ключевых международных площадок для обсуждения приоритетов научно-технического прогресса и укрепления сотрудничества в сфере высоких технологий. В рамках форума состоялся Ляонинский подфорум, посвящённый вопросам цифровой трансформации, искусственного интеллекта и интеллектуального производства. Подфорум был направлен на решение практических задач модернизации промышленности, развитие смарт-производства, а также расширение двустороннего партнёрства — от пилотного внедрения до локализации технологий. Участие казахстанской делегации в работе форума стало значимым вкладом в представление научно-технического потенциала страны на международной арене и развитие инновационного сотрудничества с зарубежными партнёрами.

2025 жылғы 4 қыркүйек Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы Халықаралық инженерлік-технологиялық универ...
04/09/2025

2025 жылғы 4 қыркүйек Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетімен бірлесіп, «Академиялық және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді. Бұл семинар Қазақстан мен Италияның жетекші ғалымдарын, академиялық қауымдастық өкілдерін және инженерлік мектептерін біріктірді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы (ҚР ҰИА) мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бахытжан Жұмағұлов қатысты. Сондай-ақ семинарға Механизмдер мен машиндар теориясы жөніндегі Халықаралық федерацияның (IFToMM) өкілдері – федерацияның Құрметті президенті, Римдегі «Тор Вергата» университетінің профессоры Марко Чеккарелли және Қазақстандағы IFToMM төрағасы, ҚР ҰИА вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі Амандық Төлешов, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры Заир Уалиев қатысты. Олардың қатысуы іс-шараға ерекше мәртебе беріп, отандық инженерлік ғылымның халықаралық кәсіби қауымдастыққа интеграциялануының маңыздылығын айқындады.
Кездесу ашық диалог аясында өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа буын инженерлік кадрларын даярлауға арналған тиімді алаңға айналды.
Іс-шара барысында нақты келісімдерге қол жеткізілді: академиялық ұтқырлықты дамыту – студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын алмасу; екі бірлескен қос дипломды бағдарлама ашу; инженерия, робототехника және қолданбалы зерттеулер саласында университеттер мен ғылыми институттар арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту.
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов өз сөзінде:
«Цифрландыру дәуірінде, Мемлекет Басшысы мен Білім және ғылым министрлігі инженерлік кадрларды даярлауға ерекше назар аударып отырған кезеңде, еліміздегі санаулы инженерлік университеттердің бірі – МИТУ қабырғасында осындай семинар өткізу айрықша маңызды. Бұл ғылыми ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, отандық инженерлік мектептің дамуына берік негіз қалайды» - атап өтті.
ҚР Ұлттық инженерлік академиясы көптеген жылдар бойы елдің инженерлік кадрлар ұстаханасы болып қана қоймай, ғалымдарды, конструкторларды және тәжірибешілерді біріктіретін жетекші зияткерлік орталық ретінде танылып келеді. Өз кезегінде жаңа МИТУ халықаралық ғылыми кеңістікте өз позициясын нығайтып, жоғары білікті инженер мамандарын даярлауға белсенді қатысып, елдің стратегиялық міндеттерін іске асыруға үлес қосуда. Академия алдағы уақытта да халықаралық байланыстарды жүйелі түрде нығайтып, отандық инженерлік ғылымның дамуына үлес қоса береді.
**********
04 сентября 2025 года Национальная инженерная академия Республики Казахстан совместно с Международным инженерно-технологическим университетом провела Международный научно-практический семинар «Развитие академического и исследовательского взаимодействия», объединивший ведущих ученых, представителей академического сообщества и инженерных школ Казахстана и Италии.
В работе семинара принял участие Президент Национальной инженерной академии Республики Казахстан, академик Национальной академии наук РК Бахытжан Жумагулов. Также в семинаре участвовали представители Международной федерации по теории механизмов и машин (IFToMM), в том числе Почетный президент федерации, профессор Римского университета Тор Вергата Марко Чеккарелли, и председатель IFToMM в Казахстане, вице-президент НИА РК, академик Национальной академии наук РК Амандык Тулешов, генеральный директор Института механики и машиноведения имени академика У.А.Джолдасбекова Заир Уалиев и другие представители. Их участие придало мероприятию особый статус и подчеркнуло значимость интеграции отечественной инженерной науки в международное профессиональное сообщество. Встреча прошла в атмосфере открытого диалога и стала плодотворной площадкой для укрепления международного сотрудничества и подготовки инженерных кадров нового поколения.
В ходе семинара были достигнуты конкретные договоренности: о развитии академической мобильности - обмен студентами и профессорско-преподавательским составом; о запуске двух совместных программ двойных дипломов; об укреплении взаимодействия между университетами и научными институтами в области инженерии, робототехники и прикладных исследований.
Президент Национальной инженерной академии РК, академик Национальной академии наук РК Бахытжан Турсынович Жумагулов в своём выступлении подчеркнул:
«В эпоху цифровизации, когда Президент страны и Министерство науки и высшего образования особое внимание уделяют подготовке инженерных кадров, проведение подобных семинаров в одном из немногих отечественных инженерных университетов Казахстана - каким является МИТУ - имеет особую значимость. Это не только расширяет горизонты научного сотрудничества, но и формирует прочную основу для развития отечественной инженерной школы».
Национальная инженерная академия Республики Казахстан на протяжении многих лет остается кузницей инженерных кадров страны, а также ведущим интеллектуальным центром, объединяющим учёных, конструкторов и практиков. Академия и впредь будет последовательно укреплять международные связи и способствовать развитию отечественной инженерной науки.
**********
On September 4, 2025, the National Engineering Academy of the Republic of Kazakhstan, together with the International Engineering and Technological University, held the International Scientific and Practical Seminar “Development of Academic and Research Interaction”, which brought together leading scientists, representatives of the academic community, and engineering schools from Kazakhstan and Italy.
The seminar was attended by the President of the National Engineering Academy of the Republic of Kazakhstan, Academician of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Bakhytzhan Zhumagulov. Also taking part were representatives of the International Federation for the Theory of Machines and Mechanisms (IFToMM), including the Honorary President of the Federation, Professor of the University of Rome Tor Vergata Marco Ceccarelli, and the Chairman of IFToMM in Kazakhstan, Vice-President of the National Engineering Academy, Academician of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan Amandyk Tuleshov, General Director of the Joldasbekov Institute of Mechanics and Engineering Zair Ualiyev. Their participation gave the event a special status and highlighted the importance of integrating Kazakhstani engineering science into the international professional community.
The meeting was held in an atmosphere of open dialogue and became a fruitful platform for strengthening international cooperation and training a new generation of engineering specialists.
During the seminar, concrete agreements were reached: on the development of academic mobility - exchange of students and faculty; on the launch of two joint double-degree programs; and on strengthening cooperation between universities and research institutes in the fields of engineering, robotics, and applied research.
President of the National Engineering Academy of Kazakhstan, Academician of the National Academy of Sciences of Kazakhstan Bakhytzhan Zhumagulov, emphasized in his address:
“In the era of digitalization, when the President of the country and the Ministry of Science and Higher Education pay special attention to the training of engineering personnel, holding such a seminar at one of the few engineering universities in Kazakhstan - METU - is of particular importance. It not only expands the horizons of scientific cooperation but also lays a solid foundation for the development of the national engineering school.”
The National Engineering Academy of the Republic of Kazakhstan has for many years remained a forge of engineering talent, as well as a leading intellectual center uniting scientists, designers, and practitioners. The Academy will continue to consistently strengthen international ties and contribute to the development of Kazakhstan’s engineering science.

Научная командировка в КитайС 26 июля по 2 августа 2025 года научный сотрудник Института механики и машиноведения им. У....
19/08/2025

Научная командировка в Китай
С 26 июля по 2 августа 2025 года научный сотрудник Института механики и машиноведения им. У.А. Джолдасбекова Құмарбек Нұрғали Ерболұлы и Хабиев Алибек Талгатович посетили г. Ханчжоу (КНР) для участия в проекте AP22783377 по созданию установок с использованием 3D-печати для химической и гидрометаллургической промышленности. В рамках поездки согласованы технические параметры опытных образцов и налажено сотрудничество с компанией Zhejiang Tongzhu Technology Co. Ltd.

07/08/2025

🎓 Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаев — сұйық пен газ механикасы саласында академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершін негізін қалаған ғылыми мектептің жалғастырушысы. Ол 55 жылдан аса уақыт бойы өндірістік маңызы бар күрделі ғылыми мәселелермен айналысып келеді. Қазіргі таңда ғалым Ньютон заңына бағынбайтын сұйықтардың қозғалысы мен жылу алмасуын зерттеп, мұнай құбырлары мен қалалық жылу жүйелерінде цифрлық егіз технологиясын қолдану бағытында жұмыс істеуде.

🧪 Соңғы маңызды зерттеулерінің бірі — бие сүтін вакуумда мұздатып кептіру процесін модельдеу. Бұл процесс – австриялық физик Иозеф Стефан 1889 жылы қойған фазалық өтулер есебіне сәйкес келеді және математикалық физикадағы ең күрделі есептердің бірі саналады.

🌍 Осы зерттеу нәтижелері беделді "International Communications in Heat and Mass Transfer" ғылыми журналында (91-процентиль) жарияланды:
🔗 https://doi.org/10.1016/j.icheatmasstransfer.2025.109375

👏 Жұмыс BR21881957 "Бие мен түйе сүтін терең өңдеу технологиясын және вакуумды-мұздатып кептіру жабдығын әзірлеу" ғылыми бағдарламасы аясында жүзеге асты.
📍 Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты

Address

Курмангазы 29
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77272726270

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when U.A. Joldasbekov Institute of Mechanics and Engineering, Kazakhstan, MSHE posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to U.A. Joldasbekov Institute of Mechanics and Engineering, Kazakhstan, MSHE:

Share