23/07/2026
2026 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысы Ескелді ауданында «Суармалы егіншілік жағдайында өнеркәсіптік өңдеуге арналған картопқа тыңайтқыштарды қолданудың бейімделген жүйесі» тақырыбында мамандандырылған оқыту семинары өтті.
Іс-шара 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы (100 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы) аясында ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Шампиков Б.Қ., Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Исабеков А.Е., Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қожахметов Қ.Р., сондай-ақ Ескелді, Ақсу, Кербұлақ, Сарқан аудандарының шаруа қожалықтарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Семинар картоп өндірісінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында фермерлерді, агроөнеркәсіптік кешен мамандарын және ғалымдарды біріктірді. Сарапшы ретінде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Бақытбек Мұстафаұлы Әміров сөз сөйледі.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
• суармалы егіншілік жағдайындағы картоптың минералдық қоректенуінің агроэкологиялық негіздері;
• картопқа арналған бейімделген тыңайтқыш жүйелерін жобалау қағидаттары;
• «НАМ» шаруа қожалығы базасында жүргізілген танаптық тәжірибелердің практикалық нәтижелерін талдау.
Семинардың практикалық бөлімі тікелей «НАМ» шаруа қожалығының егістік алқаптарында өтті. Қатысушылар ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйелерін енгізу нәтижелерімен көрнекі түрде танысып, олардың тиімділігін талқылап, сарапшыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға бейімделген егіншілік саласындағы жаңа білімдері мен құзыреттерін меңгергенін растайтын сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың ғылыми жетістіктерді экономиканың нақты секторына енгізуге, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
_______________________________
21 июля 2026 года в Ескельдинском районе Жетысуской области состоялся специализированный обучающий семинар на тему: «Адаптивная система применения удобрений под картофель для промышленной переработки в условиях орошаемого земледелия».
Мероприятие было организовано в рамках бюджетной программы 267 «Повышение доступности знаний и научных исследований» (подпрограмма 100 «Информационное обеспечение субъектов агропромышленного комплекса на безвозмездной основе»).
В работе семинара приняли участие заместитель руководителя Управления сельского хозяйства области Жетысу Шампиков Б.К., заместитель акима Ескельдинского района Исабеков А.Е., руководитель отдела сельского хозяйства и земельных отношений Ескельдинского района Кожахметов К.Р., а также руководители и представители крестьянских хозяйств Ескельдинского, Аксуского, Кербулакского и Сарканского районов.
Семинар объединил фермеров, специалистов агропромышленного комплекса и ученых для обсуждения актуальных вопросов повышения эффективности производства картофеля. В качестве эксперта выступил кандидат сельскохозяйственных наук, доцент Бахытбек Мустафаулы Амиров.
Основные темы обсуждения:
• Агроэкологические основы минерального питания картофеля в условиях орошения.
• Принципы проектирования адаптивных систем удобрения картофеля.
• Результаты экспериментов на картофеле
Практическая часть семинара прошла непосредственно на полях КХ «НАМ», где участники смогли наглядно ознакомиться с результатами внедрения научно обоснованных систем удобрений, обсудить их эффективность и задать интересующие вопросы эксперту.
По завершении обучения участники получили сертификаты, подтверждающие освоение новых знаний и компетенций в области адаптивного земледелия.
Организаторы подчеркивают, что подобные мероприятия способствуют внедрению научных достижений в реальный сектор экономики, повышая конкурентоспособность отечественной аграрной продукции.