Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений

Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений Наука на страже здоровья растений! 🌱🔬

Казахский научно-исследовательский институт защиты растений создан Постановлением Совета Министров Казахской ССР за № 155 от 21.02.1958 г. на базе Республиканской станции защиты растений и функционирует с 01.03.1958 г.
В связи с важностью охраны территории Республики Казахстан от проникновения инвазийных карантинных вредных организмов институт в 2008 г. преобразован в Казахский НИИ Защиты и Карант

ина Растений (КазНИИЗиКР), в его составе Костанайский филиал и с 2012 года создан Южно-Казахстанский филиал.
КазНИИЗиКР является единственным специализированным учреждением в республике, которое осуществляет важные в стратегическом, экологическом, экономическом и социальном планах поиски путей повышения эффективности научных исследований в области защиты и карантина растений.

Об образовании института и реорганизациях
Республиканская Станция защиты растений Казахского филиала ВАСХНИЛ (1945–1958 гг.)
Казахский НИИ защиты растений Казахского филиала ВАСХНИЛ (1958–1961 гг)
Казахский НИИ защиты растений МСХ КазССР (1961–1976 гг.)
КазНИИ защиты растений ВО ВАСХНИЛ (1977–1990 гг.)
КазНИИ защиты растений КазАСХН (1990–1995 гг)
Казахский НИИ защиты растений НАЦАИ МСХ РК (1995–2002 гг.)
ДГП «НИИ защиты растений» РГП «НПЦ земледелия и растениеводства» МСХ РК (2003–2007 гг.)
НИИ защиты и карантина растений АО «КазАгроИнновация» (2007–2008 гг.)
ТОО «КазНИИ защиты и карантина растений» с января 2009 года
ТОО «КазНИИ защиты и карантина растений имени Жазкена Жиембаева» (согласно Постановлению РК № 54 от 11 февраля 2015 года)

Біз де трендтеміз! 😎🔬Кішкентай қызығушылық үлкен жаңалықтарға бастайды.Ғылымды бала кезден таныған — болашақты ерте баст...
10/08/2026

Біз де трендтеміз! 😎🔬
Кішкентай қызығушылық үлкен жаңалықтарға бастайды.

Ғылымды бала кезден таныған — болашақты ерте бастайды! ❤️

10/08/2026

Институтымызға Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жайылымдық жерлердегі биологиялық апаттардың алдын алу және бақылау орталығы делегациясы арнайы жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар өсімдіктерді қорғау, биологиялық қауіпсіздік, зиянды организмдермен күрес бағыттарындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Делегация мүшелері институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, заманауи зертханаларымен, сондай-ақ зиянды организмдерді мониторингтеу және оларға қарсы биологиялық күрес саласындағы ғылыми әзірлемелерімен танысты.

Кездесу аясында ғылыми тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу және мамандар арасындағы халықаралық байланысты одан әрі дамыту перспективалары қарастырылды.

Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты нығайту ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және өсімдіктерді қорғаудың тиімді жүйелерін қалыптастыруға маңызды үлес қосары сөзсіз. #ҚазақӨсімдікҚорғауИнституты #ХалықаралықЫнтымақтастық #ҚазақстанҚытай

06/08/2026

Қостанай облысында «Өсімдіктерді қорғаудың біріктірілген жүйесі: ғылыми әзірлемеден тәжірибелік қолдануға дейін» тақырыбында Дала күні өтті
2026 жылдың 5 тамызында Қостанай облысы, Қостанай ауданының Шеминовка ауылында ««Өсімдіктерді қорғаудың біріктірілген жүйесі: ғылыми әзірлемеден тәжірибелік қолдануға дейін» тақырыбында Дала күні өтті. Іс-шараны «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастырды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған BR22885887 «Зиянды организмдерді басқару жүйесін жетілдіру және ендіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында өткізілді.
Дала күні ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді қорғау саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді, цифрлық шешімдерді, инновациялық техника мен технологияларды көрсетуге арналған практикалық алаңға айналды.
Қатысушыларға өсімдіктерді кешенді қорғаудың заманауи тәсілдері, агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешімдер, сондай-ақ қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық техникалық құралдар таныстырылды.
Қатысушылардың ерекше назарын энтомофагтарды жоғары дәлдікпен енгізуге арналған BIO-DROP жүйесімен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратының, Жатаған у кекірені жоюға арналған арнайы топырақтың астына гербицид енгізетін құрылғысы бар үш қабатты культиватор-сыдыражыртқыш, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын аз көлемді және ультра аз көлемді енгізуге арналған заманауи бүріккіштердің практикалық көрсетілімі аударды.
Сонымен қатар әртүрлі нысандарды, оның ішінде биік ағаштарды өңдеуге арналған алысқа бүрку мүмкіндігі бар бүріккіш көрсетілді. Жұмыс ерітіндісінің біркелкі таралуына, өңдеу сапасына және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану тиімділігіне тікелей әсер ететін бүріккіш саптамаларды баптау мен калибрлеуге ерекше көңіл бөлінді.
Институт мамандары пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жеке басты қорғау құралдарын қолдану бойынша практикалық таныстырылым өткізіп, қатысушыларды еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи талаптарымен таныстырды.
Дала күні аясында өсімдіктерді биологиялық қорғау технологиялары, фитосанитарлық мониторинг жүйелері және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, пестицидтік жүктемені азайтуға және агроэкожүйелердің экологиялық тұрақтылығын сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің, Қостанай облысы әкімдігінің, Қазақстандағы ФАО өкілдері, ғылыми ұйымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық қауымдастықтар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің отандық және шетелдік компанияларының өкілдері қатысты.
Дала күні ғылым, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы кәсіби диалог алаңына айналды. Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, фитосанитарлық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін және өсімдіктерді кешенді қорғаудың заманауи технологияларын ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

25/07/2026

Институтымыз ұйымдастырған Жетісай ауданындағы ғылыми семинар sanurtv телеарнасының назарында. 📺

Ғылым мен тәжірибені ұштастырған маңызды іс-шара барысында өзекті мәселелер талқыланып, сала мамандары өзара тәжірибе алмасты.

Осындай игі бастамалардың кеңінен насихатталуына үлес қосқан sanurtv телеарнасына алғысымызды білдіреміз.

22 июля состоялся официальный запуск проектов, реализуемых в рамках Программы партнёрства ФАО–Казахстан.Одним из ключевы...
24/07/2026

22 июля состоялся официальный запуск проектов, реализуемых в рамках Программы партнёрства ФАО–Казахстан.
Одним из ключевых проектов стал проект «Совершенствование мониторинга и прогнозирования саранчовых вредителей в Казахстане на основе применения технологий искусственного интеллекта и использования беспилотных летательных аппаратов», главным исполнителем которого является ТОО «КазНИИ защиты и карантина растений им Ж.Жиембаева».
В ходе мероприятия Председатель Правления Института Б.А. Дуйсембеков дал разъяснения по вопросам организации и проведения работ по борьбе с саранчовыми вредителями, в том числе в рамках реализации проекта, обозначив ключевые задачи, этапы выполнения работ и механизмы взаимодействия участников. Также было внесено предложение об участии института в компоненте проекта «Национальная инициатива «Казахстанские сорта и семена», включая возрождение и популяризацию казахстанских яблок, в том числе сорта Алматинский Апорт», в части разработки защитных мероприятий в яблоневых садах сорта Апорт.
Проект направлен на модернизацию национальной системы мониторинга саранчовых вредителей посредством внедрения современных цифровых технологий, включая искусственный интеллект и беспилотные летательные аппараты. Его реализация позволит повысить точность прогнозирования распространения саранчи, усилить систему раннего предупреждения и обеспечить более оперативное реагирование на угрозы, способствуя повышению эффективности защиты сельскохозяйственных культур.
Продовольственная и сельскохозяйственная организация Объединённых Наций (ФАО) является специализированным учреждением ООН, деятельность которого направлена на содействие устойчивому развитию сельского хозяйства, укрепление продовольственной безопасности и координацию международных усилий по обеспечению населения качественными продуктами питания.
В июле 2018 года Республика Казахстан ратифицировала Соглашение между Правительством Республики Казахстан и ФАО об учреждении Бюро по связям и партнёрству ФАО в Республике Казахстан. Неотъемлемой частью данного Соглашения является Программа партнёрства ФАО–Казахстан (ФКПП), финансируемая Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан в объёме не менее 2 миллионов долларов США ежегодно в течение десяти лет.
Программа направлена на поддержку устойчивого развития агропромышленного комплекса и укрепление продовольственной безопасности страны. В числе её приоритетных направлений — совершенствование системы безопасности пищевой продукции, развитие ветеринарной и фитосанитарной служб, животноводства, семеноводства, рыболовства и аквакультуры, устойчивое управление земельными и лесными ресурсами, а также внедрение современных информационных технологий в сельскохозяйственную статистику.
Запуск проектов 22 июля стал важным этапом реализации Программы партнёрства ФАО–Казахстан и подтверждением стремления к внедрению инновационных решений, способствующих устойчивому развитию сельского хозяйства и повышению эффективности агропродовольственного сектора Республики Казахстан.

24/07/2026

🌾 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА «AGRO FEST ШЫҒЫСТА – 2026» ДАЛА КҮНІ ӨТТІ

2026 жылдың 24 шілдесінде Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының базасында «AGRO FEST ШЫҒЫСТА – 2026» атты Дала күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар, ғылыми жетістіктер мен инновациялық әзірлемелер таныстырылды. Қатысушылар демонстрациялық алқаптарды аралап, жаңа ауыл шаруашылығы техникаларымен, перспективалы дақыл сорттарымен және өсімдіктерді қорғаудың тиімді шешімдерімен танысты. Сонымен қатар ғалымдар, фермерлер, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері мен сала мамандары тәжірибе алмасып, ғылым мен өндірісті ұштастырудың өзекті бағыттарын талқылады.

🌱 Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты іс-шараға белсенді қатысып, өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және биологиялық қорғау бағытындағы ғылыми әзірлемелері мен инновациялық технологияларын таныстырды. Институт мамандары қатысушылармен тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы өндірісіне ғылым жетістіктерін енгізудің маңыздылығы жөнінде пікір бөлісті.

Осындай іс-шаралар ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына және инновациялық технологиялардың кеңінен енгізілуіне ықпал етеді.

#ШҚАШТС #ДалаКүні #ӨсімдікҚорғау #ЖиембаевИнституты #АуылШаруашылығы #Ғылым #Қазақстан

2026 жылғы 23 шілдеде А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 70 жылдығына арналған «Замана...
23/07/2026

2026 жылғы 23 шілдеде А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының 70 жылдығына арналған «Заманауи аграрлық ғылым: егіншілік, өсімдік шаруашылығы және селекциядағы инновациялық шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Ахмединұлы Қанафин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренова, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Серікбайұлы Бисетаев, ҰАҒББО Басқарма төрағасы Бауыржан Қоңырбайұлы Асанов және орталық өкілдері қатысты. Сонымен қатар Бауыржан Қоңырбайұлы Асанов конференция барысында модератор ретінде қатысып, пленарлық отырыстың мазмұнды әрі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуіне үлес қосты.

Конференцияға отандық ғылыми-зерттеу институттары мен аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, сондай-ақ Германия, Канада, Австралия және Ресей Федерациясынан келген шетелдік сарапшылар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция аясында аграрлық ғылымның қазіргі жетістіктері мен даму перспективалары, интенсивті және органикалық егіншілік, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, дәлме-дәл егіншілік, селекция және тұқым шаруашылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық қорын сақтау, цифрландыру, фитосанитариялық қауіпсіздік және инновациялық технологияларды өндіріске енгізу мәселелері талқыланды.

Институттың құрылғанына 70 жыл толуымен ұжымды және әріптестерді құттықтай келе, пленарлық отырыста «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Бахытжан Әлішерұлы Дүйсембеков баяндама жасап, өсімдік қорғау және карантин саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығына, фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешеніне заманауи ғылыми шешімдерді енгізу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, пленарлық отырыстан кейін жатаған у керкіреге қарсы гербицидтерді топырақ асты бүріккіш арқылы үш қатарлы сыдыра жыртқыш агрегатымен іс жүзінде қалай жұмыс жасайтынын семинар қатысушыларына таныстырды. Ол өз кезегінде үлкен қызығушылық тудырды.

Мұндай халықаралық деңгейдегі кездесулер ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және отандық аграрлық ғылымның әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Ж. Жиембаев...
19/07/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғалымдары сексеуіл алқаптарының өнімділігін арттыруға және оларды зиянды организмдерден қорғауға бағытталған кешенді ғылыми зерттеулер жүргізуде.
2025 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы мен Қызылорда облысының Қазалы және Арал аудандарындағы сексеуіл тәлімбақтарында, сондай-ақ Арал теңізінің құрғаған ұлтанына себілетін сексеуіл тұқымдарына алдын ала фитосанитарлық сараптама жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері негізінде тұқымдар әртүрлі қорғаныш-ынталандырғыш препараттармен өңделіп, сыртқы қабаты дражирленді. Осылайша, тұқымды сауықтырудан бастап егістікке дейінгі барлық кезеңді қамтитын кешенді қорғау жүйесі бойынша себу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде жүргізілген тәжірибелер оң нәтижесін көрсетуде. Бақылау нұсқасымен салыстырғанда өңделген тұқымдардың өнгіштігі, шығымдылығы және сақталу көрсеткіштері 30–48%-ға жоғары екені анықталды. Сонымен қатар тәжірибе нұсқаларында аурулар мен зиянкестердің зақымдануы байқалмай, өскіндердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі артқаны дәлелденді.
Бұл бастама мемлекет тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта Арал теңізінің құрғаған ұлтанын ормандандыру және шөлейттенген аумақтарды қалпына келтіру мақсатында сексеуілмен қатар шөлейт өсімдіктер – сарсазан және қарабарақ тұқымдарын дәрілеуден бастап, олардың вегетациялық кезеңіндегі кешенді қорғау шараларын ғылыми тұрғыдан жетілдіру қажеттігін көрсетеді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізу Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіруге, шөлейттенумен күресуге, сексеуіл және басқа да шөлге бейімделген өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еліміздің жасыл қорын молайтуға қосылатын маңызды үлес болып табылады.

Address

Улица Култобе 1, мкр. Рахат, Наурызбайский район
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77272467366

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений:

Shortcuts

Share