Samruk Energy

Samruk Energy АО "Самрук-Энерго"
Крупнейший Энергетический Холдинг

24/06/2026

⚜️АО «Самрук-Энерго» активно реализует крупные стратегические проекты по строительству новых генерирующих мощностей в Казахстане.
Инвестиционный портфель компании включает 20 крупных проектов по строительству и модернизации энергообъектов.

📹 Телеканал 24KZ

24/06/2026

⚜️ «Самұрық-Энерго» АҚ елімізде энергия қуатын өндіруге бағытталған ірі стратегиялық жобаларды белсенді іске асыруда. Компания жыл соңына дейін энергетикалық нысандарды салу бойынша 10 EPC-келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

📹 24KZ телеарнасы

24/06/2026

Қауіпсіздік челленджі: Өскемен СЭС эстафетаны қабылдады

Өскемен СЭС-тың жас мамандары Шүлбі СЭС-тегі әріптестерінен қауіпсіздік челленджін қабылдады.

Бейнероликтің негізінде бір идеямен біріктірілген өндірістік көріністер жатыр: қауіпсіздік мәдениеті әр қызметкердің күнделікті іс-әрекетінен қалыптасады.

Өндірісте мұқият болу, жеке жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптарын сақтау — адамдардың денсаулығын қорғауға және энергетикалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге көмектесетін басты қағидаттар.

Эстафета Екібастұз 1-МАЭС пен Қазпоштаның жас мамандарына жолданды.

***

Челлендж по безопасности: Усть-Каменогрская ГЭС принимает эстафету

Молодые специалисты Усть-Каменогорской ГЭС приняли челлендж по безопасности от коллег Шульбинской ГЭС.

В основе видео - производственные эпизоды, объединённые одной идеей: культура безопасности строится на ежедневных действиях каждого сотрудника.

Внимание к деталям, личная ответственность и соблюдение правил — именно эти принципы помогают сохранять здоровье людей и обеспечивать надёжную работу энергетических объектов.

Эстафета передана молодым специалистам Экибастузской ГРЭС-1 и Казпочты.

Ғани Төлеуов: «Тәжірибе бөліскен сайын құнды бола түседі»Ғани Сүгірбайұлы Төлеуов энергетика саласында 35 жылдан астам у...
23/06/2026

Ғани Төлеуов: «Тәжірибе бөліскен сайын құнды бола түседі»

Ғани Сүгірбайұлы Төлеуов энергетика саласында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолын 1991 жылы А. Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО-да электр слесарі болып бастап, 2000 жылдан бері электр цехының өндірістік учаскесінің шебері қызметін атқарып келеді.

Ғани Сүгірбайұлының әр жұмыс күні электр жабдықтарының жай-күйін бақылаудан, жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудан және өндірістік міндеттерді орындаудан басталады.

Оның кәсіби басымдықтарының қатарында жас мамандарды үйрету және энергетикалық жабдықтарды басқарудың заманауи цифрлық технологияларын меңгеру бар.

«Білім мен тәжірибе аға буыннан жас мамандарға берілуі тиіс. Өйткені еліміздің энергетикалық жүйесінің сенімділігі дәл осындай кәсіби мамандарға байланысты», — дейді Ғани Сүгірбайұлы.

***

Гани Толеуов: «Опыт имеет ценность тогда, когда им делишься»

Более 35 лет Гани Сугербаевич Толеуов работает в энергетике. Свой путь на Алматинской ТЭЦ-2 им. А. Жакутова он начал в 1991 году электрослесарем, а с 2000 года и по сегодняшний день является мастером производственного участка электроцеха.

Каждый рабочий день Гани Сугербаевича начинается с контроля состояния электрооборудования, организации ремонтных работ и оперативного решения производственных задач.

Среди его профессиональных приоритетов — передача опыта молодым специалистам и освоение современных цифровых технологий управления энергетическим оборудованием.

«Знания и опыт должны передаваться от старших коллег к молодым специалистам, ведь именно так формируются профессионалы, от которых зависит надёжность энергетической системы страны», — убеждён Гани Сугербаевич.

#тәлімгерлер
#наставники

22/06/2026

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның жас мамандары өз мансабындағы ең маңызды кезеңдерімен, күнделікті мотивация және алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесетін дағдылар мен әдеттерімен бөлісті.

Олардың жауаптарында тек жетістікке жетудің сыры ғана емес, сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның командасын біріктіретін құндылықтар да көрініс тапқан.

***

Молодые специалисты АО «Самрук-Энерго» рассказали о наиболее значимых этапах своей карьеры, о мотивации и привычках, которые помогают им достигать поставленных целей.

В их ответах — не только истории успеха, но и ценности, которые объединяют команду АО «Самрук-Энерго».



22/06/2026

♨️ 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық ерекше бақылауда.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде энергетикалық кешен мен инфрақұрылымды алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелері бойынша Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті.

Отырысқа «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ОАЭК», «Қазақстан темір жолы» ҰК, «QazaqGaz Aimaq», «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қаражыра», «Интергаз Орталық Азия», «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ұйымдарының басшылығы, сондай-ақ өңірлер әкімдіктері мен энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

🔧 Бүгінде электр станцияларында:
⚡ 2 энергоблоктың,
🔥 10 қазандықтың,
⚙️ 4 турбинаның күрделі жөндеуі аяқталды.

Қазіргі уақытта:
▪️ 2 энергоблокта;
▪️ 26 қазандықта;
▪️ 16 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасуда.

📍 Электр желілерінде:
• 4,8 мың шақырым электр беру желісі;
• 107 қосалқы станция;
• 1065 тарату пункті жөнделді.

📍 Жылу желілерінде:
• 213 шақырым желіде жұмыстар жүргізілуде;
• 52 шақырым желідегі жұмыстар толық аяқталды.

Комитет төрағасы Ержан Ертаев алдағы күзгі-қысқы кезеңде халықты сенімді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті.

📌 Отырыс қорытындысы бойынша:
✔️ жөндеу бағ

19/06/2026

«Ерменсай» қосалқы станциясында кешенді апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Ерменсай» қосалқы станциясында жедел-көшпелі бригадалардың және төтенше жағдайларға ден қою бөлімшелерінің қатысуымен кешенді апатқа қарсы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің апаттық жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындығын мен жұмылдырылған қызметтердің өзара байланыс әрекетін пысықтау болды.

Оқу-жаттығу барысында жабдықтардың апаттық ажыратылуы кезіндегі жедел қызмет пен өрт сөндіру және апаттық-құтқару бөлімшелерімен өзара іс-қимылы, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері тексерілді.

Оқу-жаттығуды «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және Алматы қаласы бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті өкілдері бақылап отырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша мамандар мен жедел әрекет ету қызметтерінің штаттан тыс жағдайларға дайындығы, сондай-ақ ықтимал технологиялық бұзушылықтарды жою кезіндегі өзара іс-қимыл тетіктерінің тиімділігі расталды.

19/06/2026

Энергетика мира: развитие сетевой инфраструктуры ускоряется

По данным BloombergNEF, в 2025 году мировые инвестиции в энергопереход достигли рекордных $2,3 трлн, что на 8% больше по сравнению с предыдущим годом.

Из этой суммы $483 млрд было направлено на развитие и модернизацию электросетевой инфраструктуры, что стало одним из крупнейших направлений инвестиций в энергетическом секторе.

Одновременно инвестиции в возобновляемую энергетику составили $690 млрд, а в электротранспорт и зарядную инфраструктуру — $893 млрд.

Рост генерации требует дальнейшего развития сетевой инфраструктуры. Именно электросети обеспечивают подключение новых мощностей, передачу электроэнергии между регионами и надёжность энергоснабжения потребителей.

Таким образом, современный энергопереход включает не только строительство новых электростанций, но и развитие сетей, которые обеспечивают эффективную передачу электроэнергии от источников генерации к потребителям.

Подробнее:
https://about.bnef.com/insights/clean-energy/bloombergnef-finds-global-energy-transition-investment-reached-record-2-3-trillion-in-2025-up-8-from-2024/

Жылыту маусымына дайындық: Самұрық-Энерго ауқымды жөндеу науқанын жүзеге асыруда«Самұрық-Энерго» АҚ алдағы жылыту маусым...
17/06/2026

Жылыту маусымына дайындық: Самұрық-Энерго ауқымды жөндеу науқанын жүзеге асыруда

«Самұрық-Энерго» АҚ алдағы жылыту маусымына энергетикалық нысандарды жүйелі түрде дайындауды жалғастыруда. Жөндеу науқаны 2026 жылдың қаңтар айында басталып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Биыл топтың энергетикалық нысандарында негізгі жабдықтарға қатысты 111 жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде:
- 11 энергоблок
- 14 турбоагрегат
- 51 қазандық агрегат
- 33 гидроагрегат
- 2 жылу магистралі учаскесі.

Жөндеу жұмыстары негізгі өндірістік қуаттарды қамтып, ең жоғары жүктеме кезеңінде энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған.

Бүгінгі таңда жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 45%-ы аяқталды. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда және белгіленген мерзімде толық аяқталады. Жөндеу жұмыстарының орындалу барысы тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар биыл 187,4 км кабельдік желілерді, 2030 км әуе электр желілерін, 212 қосалқы станцияны, 1220 трансформаторды және 1000 тарату пунктін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауқымды жөндеу бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жабдықтардың сенімділігін арттырып, энергетикалық инфрақұрылымның күзгі-қысқы кезеңге дайын болуын қамтамасыз етеді.

16/06/2026

Ауылдық елді мекендерде электр желілері жаңғыртылып жатыр

Алматы облысы Іле ауданындағы Қайнар ауылын сапалы әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында электр желілерін 10/0,4 кВ қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жоба желілердің техникалық жағдайын жақсартуға, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Жаңғырту аясында:
- 11 дана 10/0,4 кВ комплектілі трансформаторлық қосалқы станцияны (КТПБ) орнату;
- 3,41 шақырым 10 кВ кабель желілерін салу;
- 23,43 шақырым 10 кВ оқшауланған әуе желілерін тарту;
- 35,37 шақырым 0,4 кВ оқшауланған әуе желілерін салу;
- 2 300-ден астам темірбетон тіректерін орнату қарастырылған.

Қазіргі таңда Көкқайнар елді мекеніндегі трансформаторлық қосалқы станциясында темірбетон тіректі орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны іске асыру желілердің тозу деңгейін төмендетіп, аймақ тұрғындарын тұрақты және сапалы электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Address

пр, Кабанбай-Батыра 15 А Блок Б БЦ "Q"
Nur-Sultan
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Samruk Energy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Samruk Energy:

Share

Category