АО "Алюминий Казахстана"

АО "Алюминий Казахстана" Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from АО "Алюминий Казахстана", Metal Fabricator, Pavlodar.

📍«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – «Керегетас» әктас кенішінің технологиялық және жөндеу саласының мамандары мобильді Т...
22/06/2026

📍«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – «Керегетас» әктас кенішінің технологиялық және жөндеу саласының мамандары мобильді ТОРО бойынша оқытудан өтіп, жүйенің мүмкіндіктерімен жан-жақты танысты. Лек-легімен өткен оқытуға барлығы 100-ге жуық қызметкер қатысты.

📱Кеніште алғаш рет ұйымдастырылған шара өндірістік қызмет барысында туындайтын цифрлық ақаулар мен сәйкессіздіктерді анықтау, тіркеу, оларды жою бойынша тапсырмалар беру және бақылау тетіктерін үйретуге бағытталды. Қызметкерлер МТОРО жүйесіндегі жұмыс кезеңдерін толық меңгеріп, өндірістегі мәселені анықтаудан бастап оның түбегейлі шешілуіне дейінгі процесті атқаруды үйренді.

💬– Мобильді ТОРО – бұл qollab платформасына біріктірілген цифрлық модуль. Қазіргі уақытта qollab жүйесі кәсіпорынның әрбір қызметкерінде бар, бұл цифрлық құралды жұмыс процесіне жедел енгізуге және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кеншілер осы қосымша арқылы өндірістік жағдайларға ұқсас тапсырмаларды орындап, жүйеде жұмыстың негізгі қағидаларын меңгерді. Алдағы уақытта аталған цифрлық өнімнің көмегімен жабдықтарды тексеру, жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, - дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ техникалық қызмет көрсету және дамыту жөніндегі менеджері Ілияс Рамазанов.

Оқу бағдарламасы мұнымен шектелмейді. Келешекте қатысушылар жүйені пайдалану бойынша білімдерін одан әрі жетілдіріп, тексерулер жүргізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жоспарлау мен орындау бойынша қосымша оқудан өтпек. Сондай-ақ, арнайы мобильді құрылғылармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл құрылғылар өндірістік алаңдарда жұмыс барысында қажетті ақпаратты жедел енгізуге, тапсырмаларды орындау мәртебесін бақылауға және анықталған ескертулер бойынша шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Музыкальными номерами, наградами и цветами поздравили в АО «Алюминий Казахстана» представителей самой гуманной профессии...
21/06/2026

Музыкальными номерами, наградами и цветами поздравили в АО «Алюминий Казахстана» представителей самой гуманной профессии.

В праздник Дня медицинского работника в компании чествовали врачей, медсестер, фельдшеров, санитарок и сотрудников административно-хозяйственных служб павлодарского регионального отделения «Медцентр Евразия».

– Вы выбрали делом своей жизни заботу о здоровье людей, и это служение не ограничивается рабочим временем, хотя и требует много сил, терпения и постоянного обучения. А главное – ваша миссия почетна и востребована во все времена! – отметил в поздравительной речи директор по экономике и контроллингу АО «Алюминий Казахстана» Владимир Петров.

Почетные грамоты и благодарственные письма с денежным вознаграждением получили виновники торжества от руководства компании, ТОО «Медцентра Евразия» и организации профсоюза работников Павлодарского алюминиевого завода.

– После школы я сам собирался пойти в медицину, но по наставлению родителей выбрал завод. Впрочем, и здесь по-своему помогаю людям, – поздравляя несбывшихся коллег, вспомнил председатель профсоюза Виталий Голубенко.

В памяти выступавших не раз всплывали и ковидные времена, когда спасение от пандемии пришло от людей в белых халатах. И этот период заставил весь мир вернуться к главным ценностям – здоровью и жизни людей – и важности медицинской профессии.

Нагрудного знака «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» в День медработника удостоилась Раиса Бейсембаева, заведующая отделением реабилитации, врач-физиотерапевт поликлиники регионального отделения медцентра.

– Это знак отличника здравоохранения, который дают за заслуги, за многолетний труд и личный вклад в дело охраны здоровья, – отметила, вручая Раисе Темирболатовне награду, заместитель директора ТОО «Медцентр Евразия» по клинической работе Айгуль Кащапова.

В честь медиков, стоящих на страже здоровья и жизней металлургов, сотрудники Павлодарского алюминиевого завода приготовили музыкальные номера. Талантливый домбрист Жасулан Мухамедияров, плотник-бетонщик с ЦНОиУ-5, исполнил кюй «Ерке сылқым», а начальник ЭЭЦ-1 Рафаэль Мухамеджанов посвятил им песню «Медицина, будь здорова!».

Будьте здоровы, дорогие наши медработники!

Музыкальными номерами, наградами и цветами поздравили в АО «Алюминий Казахстана» представителей самой гуманной профессии...
21/06/2026

Музыкальными номерами, наградами и цветами поздравили в АО «Алюминий Казахстана» представителей самой гуманной профессии.

В праздник Дня медицинского работника в компании чествовали врачей, медсестер, фельдшеров, санитарок и сотрудников административно-хозяйственных служб павлодарского регионального отделения «Медцентр Евразия».

– Вы выбрали делом своей жизни заботу о здоровье людей, и это служение не ограничивается рабочим временем, хотя и требует много сил, терпения и постоянного обучения. А главное – ваша миссия почетна и востребована во все времена! – отметил в поздравительной речи директор по экономике и контроллингу АО «Алюминий Казахстана» Владимир Петров.

Почетные грамоты и благодарственные письма с денежным вознаграждением получили виновники торжества от руководства компании, ТОО «Медцентра Евразия» и организации профсоюза работников Павлодарского алюминиевого завода.

– После школы я сам собирался пойти в медицину, но по наставлению родителей выбрал завод. Впрочем, и здесь по-своему помогаю людям, – поздравляя несбывшихся коллег, вспомнил председатель профсоюза Виталий Голубенко.

В памяти выступавших не раз всплывали и ковидные времена, когда спасение от пандемии пришло от людей в белых халатах. И этот период заставил весь мир вернуться к главным ценностям – здоровью и жизни людей – и важности медицинской профессии.

Нагрудного знака «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» в День медработника удостоилась Раиса Бейсембаева, заведующая отделением реабилитации, врач-физиотерапевт поликлиники регионального отделения медцентра.

– Это знак отличника здравоохранения, который дают за заслуги, за многолетний труд и личный вклад в дело охраны здоровья, – отметила, вручая Раисе Темирболатовне награду, заместитель директора ТОО «Медцентр Евразия» по клинической работе Айгуль Кащапова.

В честь медиков, стоящих на страже здоровья и жизней, сотрудники Павлодарского алюминиевого завода приготовили музыкальные номера. Талантливый домбрист Жасулан Мухамедияров, плотник-бетонщик с ЦНОиУ-5, исполнил кюй «Ерке сылқым», а начальник ЭЭЦ-1 Рафаэль Мухамеджанов посвятил им песню «Медицина, будь здорова!».

Будьте здоровы, дорогие наши целители!

21/06/2026

⚕️«Еуразия медициналық орталығы» ЖШС ұжымын Алюминий дивизионының атынан кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Ізгілік пен жанашырлықты серік етіп, біздің денсаулығымыз бен өмірімізді сақтауға бар күш-жігерін арнап жүрген сіздерге алғысымыз шексіз!

Қиындығы мол, жауапкершілігі жоғары еңбектеріңіздің жемісін көріп, ел алғысына бөлене беріңіздер! Мейірімге толы жүректеріңіз бен алтын қолдарыңыз адамзатқа қызмет етуден шаршамасын!

Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!

⚕️От всего дивизиона Алюминий поздравляем коллектив ТОО «Медцентр Евразия» с профессиональным праздником!

Благодарим вас за то, что посвятили себя самой гуманной профессии и оберегаете наше здоровье и жизни.

Желаем вам успехов и признания в вашем нелегком деле, терпения и сил, и чтобы ваши золотые сердца и руки продолжали свою добрую миссию!

С Днем медицинского работника!

Қазақстандағы ERG-дің бас директоры Кудрәт Шамиев Павлодар алюминий зауытында болып қайтты.  «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға...
19/06/2026

Қазақстандағы ERG-дің бас директоры Кудрәт Шамиев Павлодар алюминий зауытында болып қайтты.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ға жасаған алғашқы жұмыс сапары барысында жаңа СЕО Топтың топ-менеджерлерімен бірге негізгі цехтарды аралай отырып, өндірістік тізбек бойынша жүріп өтті.

ПАЗ директоры Айтуған Ахметов пен цех басшылары кәсіпорынның қызметі және глинозем өндірудің негізгі ерекшелігі – «Байер-жентектеу» параллельді-тізбекті тәсілі туралы баяндап берді.

Топ басшысына жентектеу пештерінің шаң-газ тазарту жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту барысы таныстырылды. Бұл шара атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды 99,9%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесуге қатысушылар жаңа жобалардың іске асу барысын талқылады: ПАЗ-дағы галлий өндіру ісін қалпына келтіру, сондай-ақ өнімді сүзу учаскесін және тік кальцинация пештерін салу.

– Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде өршіл мақсаттармен қатар еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау маңызды, – деп атап өтті Кудрәт Шамиев.

Сапар соңында ERG бас директоры «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді.

15/06/2026

айдарының кезекті саны электрқозғалтқыштарын жөндеудегі маңызды процесс – оның элементтерін орау ісіне арналады. Қызметкерлерден жауапкершілік пен тиянақтылықты талап ететін процесс жайында энергетикалық жөндеулер цехы №3 учаскесінің электр машиналарының элементтерін ораушы Ақниет Асанбаева баяндап берді.

⚙️Павлодар алюминий зауытында өндірістегі қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуд...
10/06/2026

⚙️Павлодар алюминий зауытында өндірістегі қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта энергетикалық жөндеулер цехының №3 учаскесіне жаңа статор аударғыш сатып алынып, пайдалануға берілді.

🛠Құны 14 миллион теңгеден асатын, Ресейде өндірілген жабдық электр қозғалтқыштарының статорларын жөндеу кезінде оларды қажетті қалыпта ұстап, өз осі бойымен 360 градусқа дейін бұруға мүмкіндік береді. Бұл шарғыларды ауыстыру және орамаларды төсеу жұмыстарын анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз орындауға жағдай жасайды.

🏗Бұған дейін учаскеде қолдан жасалған аударғыш пайдаланылып келген. Ал бір мезгілде екі статор жөндеуде болған жағдайда олардың бірін аудару үшін көпірлі кран қолданылатын. Жаңа жабдық бұл қажеттілікті едәуір азайтты.

💬– Жаңа жабдық іске қосылған соң жағдай айтарлықтай өзгерді. Енді көпірлі кран тек статорды аударғышқа орнату кезінде ғана қолданылады. Одан кейін барлық жұмыстар арнайы жабдықтың көмегімен жүзеге асады. Бұл жөндеу жұмыстарын орындауды жеңілдетіп қана қоймай, қызметкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыруда, – дейді ЭЖЦ №3 учаскесінің шебері Әділет Мұрат.

Статор аударғыш мамандардың жұмысын жеңілдетіп, жөндеу сапасын арттыруға, электр қозғалтқыштарының сенімділігі мен қызмет ету мерзімін ұзартуға ықпал етеді. Сонымен қатар еңбек өнімділігі өсіп, жөндеу процесінің тиімділігі жақсарған.

📌 Павлодар алюминий зауытының оқу-тәжірибелік полигонында қызметкерлер LOTO жүйесі бойынша оқытудан өтті. Оның басты мақ...
08/06/2026

📌 Павлодар алюминий зауытының оқу-тәжірибелік полигонында қызметкерлер LOTO жүйесі бойынша оқытудан өтті. Оның басты мақсаты – өндірістегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу.

🔐 Оқыту барысында қатысушылар жабдықты тоқтату, энергияның толық ажыратылғанын тексеру, жеке құлыптар мен ескерту белгілерін пайдалану тәртібін тәжірибе жүзінде пысықтады. Арнайы жабдықталған стенд нақты өндірістік жағдайларға жақын ортада дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

💬 - Кәсіпорын үшін ең маңыздысы – қауіпсіздік. Сондықтан бұл жүйе біз ойлағандай жұмыс істейтініне сенімдімін. Учаскедегі құрал-жабдықтар стендтегіден өзгешелеу болса да, жабдықты қауіпсіз тоқтату, энергияның толық ажыратылғанын тексеру және жұмысқа кірісуге рұқсат беру тәртібі бірдей. Мұндай тәжірибелік оқыту теориялық білімді бекітіп қана қоймай, өндірісте қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, - дейді жентектеу цехының агломератшы, бригадирі Станислав Кузнецов.

🏭 Бүгінде LOTO жүйесі кәсіпорында кезең-кезеңімен енгізілуде. Алғашқы болып жентектеу цехында басталған жоба алдағы уақытта барлық өндірістік учаскелерді қамтиды. Мұндай тәжірибелік оқыту шаралары – өндіріс ошағындағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, тәуекелдерді азайтуға, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам.

🌳Экологи АО «Алюминий Казахстана» наградили призеров месячника, посвященного Всемирному дню охраны окружающей среды.В че...
05/06/2026

🌳Экологи АО «Алюминий Казахстана» наградили призеров месячника, посвященного Всемирному дню охраны окружающей среды.

В честь праздника сегодня в компании подвели итоги экологических акций среди сотрудников и подразделений активов.

Немало талантов среди алюминщиков раскрылось на ярком творческом конкурсе «Вторая жизнь отходам».

🥇И заслуженное 1 место в нем занял электросварщик ручной сварки ЦЦР-4 Рамиль Галиуллин, поразивший жюри оригинальной статуэткой «Эквилибрист».

🥈«Серебро» завоевал электромонтер ЦЭР-4 Нуриман Каюмов, создавший электрический ассамбляж «Сердце ПАЗа».

🥉В тройку призеров попала также кондуктор грузовых поездов ЖДЦ Ирина Соколова, смастерившая практичную сумку-шоппер из пластиковых крышек.

🏅Отличилась среди конкурсантов и эксперт по хозяйственному обеспечению рудника «Керегетас» Наталья Рева. Экологи компании отметили участницу за инженерную смекалку – вместе с мужем она соорудила мангал из отработанного водонагревателя.

Вручили металлургам и горнякам и коллективные награды за победу в ЭКОкубке «Лучшее подразделение в области охраны окружающей среды».

🏆Цеху централизованных ремонтов ПАЗа ее принесли инициативы персонала по улучшению производственной среды. Перед своим АБК сотрудники создали уютную зону отдыха и озеленили территорию новыми саженцами. А гордостью участка №5 стал построенный фонтан, дающий прохладу в жаркую погоду.

🎗️За активную экологическую позицию работников и минимум замечаний на внутренних аудитах признание экологов получили также Красногорский бокситовый рудник КБРУ и отделение дробления и сортировки известняка КИРа.

– Месячник по охране окружающей среды призван привлечь внимание к вопросам экологии и бережного отношения к ресурсам. И мы рады, что у наших коллег есть и понимание, и чуткое отношение, и осознанное потребление. А главное – дух творчества, благодаря которому сотрудники не только сохраняют природные богатства, но и создают новые, – отметил с признательностью главный эколог АО «Алюминий Казахстана» Максут Жакупов.

#ВсемирныйДеньОхраныОкружающейСреды

☘️Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні құтты болсын!Бұл – табиғатты аялай білетін жер шарындағы барлық адамдардың ба...
05/06/2026

☘️Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні құтты болсын!

Бұл – табиғатты аялай білетін жер шарындағы барлық адамдардың басын біріктіретін ерекше күн. Ал Қазақстанда 5 маусым – ресми түрде Эколог күні ретінде аталып өтіледі.

Бұл мереке – ортақ үйіміз болып табылатын Жер планетасына ұқыптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады. Оның экожүйесін қорғау және ресурстарды тиімді пайдалану – біздің денсаулығымыз бен болашақ ұрпақтың әл-ауқатының кепілі екенін ұғындырады.

Өміріңіз жасыл желегі жайқалған саябақтарға, гүлге оранған әсем алқаптарға, таза ауаның самал лебіне және табиғатпен үйлескен саналы өмір салтына толы болсын!

Табиғатқа деген жанашырлық әрқайсымыздан басталады.

☘️Со Всемирным днем охраны окружающей среды!

Этот день объединяет всех людей планеты, неравнодушных к вопросам сохранения природных ресурсов. А в Казахстане 5 июня также официально отмечается как День эколога.

Этот праздник – напоминание нам о важности бережного отношения к нашему общему дому, планете Земля. О необходимости защищать ее экосистемы и рационально использовать ресурсы, что является залогом нашего здоровья и благополучия будущих поколений.

Пусть в вашей жизни будет больше зеленых парков и цветов, чистого воздуха и осознанного потребления!

Забота о планете начинается с каждого из нас!

Address

Pavlodar
140000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when АО "Алюминий Казахстана" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share