15/10/2026
КТК продолжает реализацию проекта по замене насосных агрегатов
На НПС «Комсомольская» продолжается плановая реализация Программы замены магистральных насосных агрегатов (МНА) с газотурбинными установками (ГТУ) на МНА с электродвигателями и перевода станции на внешнее электроснабжение (Программа ВЭС).
В рамках Программы ВЭС на станции строятся новая магистральная насосная станция (МНС), площадки отключающих задвижек и дренажных емкостей, здания частотно-регулируемых преобразователей (ЧРП) и закрытого распределительного устройства с комплектной трансформаторной подстанцией (ЗРУ с КТП). Проект также включает строительство пеногенераторного блока, дизельной электростанции, разветвленных кабельных эстакад и инженерно-технических сетей.
Летом текущего года площадку строительства посетила делегация представителей компаний-акционеров КТК. Инспекционная группа дала высокую оценку организации строительного процесса, технической оснащенности и бескомпромиссному соблюдению стандартов охраны труда со стороны персонала КТК и подрядной организации.
К настоящему моменту на станции полностью выполнены вертикальная планировка, устройство фундаментов и ростверков зданий, сооружений и оборудования, проложена подъездная дорога. Произведен вынос инженерных сетей из пятна застройки. Завершается монтаж металлоконструкций кабельной эстакады. Полным ходом идет сборка металлокаркаса здания МНС и сварка технологических трубопроводов для подключения будущих агрегатов.
Продолжается прокладка новых инженерных сетей, выполняется устройство технологического подполья закрытого распределительного устройства и комплектной трансформаторной подстанции. На стройплощадку уже доставлены три из четырех комплектов блок-боксов ЧРП, состоящих из 21 технологического модуля, поставка финальной партии оборудования ожидается в ближайшее время.
Напомним, что программа перехода объектов КТК с газовых турбин на внешнее электроснабжение реализуется с 2024 года, когда был дан старт проектных работ. В 2025 году КТК и управляющая компания ООО «УДМ», входящая в систему организаций ПАО «Транснефть», подписали договор на изготовление, поставку и шеф-монтаж 11 магистральных насосных агрегатов. В 2026 году начались испытания ранее изготовленного опытного образца: насоса на НПС-7 в КТК и электродвигателя на ЛПДС «Торгили» в ПАО «Транснефть».
Помимо НПС «Комсомольская» в текущем году планируется начало реализации Программы замены МНА С ГТУ на НПС «Кропоткинская», а следующим этапом модернизации станет обновление А-НПС-4А.
#КаспийскийТрубопроводныйКонсорциум #КТК #ПрограммаВЭС
———————-
КҚК сорғы агрегаттарын ауыстыру жобасын іске асыруды жалғастыруда
«Комсомольская» мұнай айдау станциясында (МАС) газ турбиналық қондырғылары (ГТҚ) бар магистральдық сорғы агрегаттарын (МСА) электр қозғалтқыштары бар агрегаттарға ауыстыру және станцияны сыртқы электрмен жабдықтауға көшіру бағдарламасы (СЭЖ бағдарламасы) жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.
СЭЖ бағдарламасы аясында станцияда жаңа магистральдық сорғы станциясы (МСС), ажыратқыш ысырмалар мен дренаждық сыйымдылықтарға арналған алаңдар, жиілік түрлендіргіштері (ЖТ) орналасатын ғимараттар, сондай-ақ жиынтық трансформаторлық қосалқы станциясы бар жабық тарату құрылғысы (ЖТҚ және ЖТҚС) салынуда. Жоба сонымен қатар көбік генераторы блогын, дизель электр станциясын, тармақталған кабель эстакадаларын және инженерлік-техникалық желілерді салуды қамтиды.
Ағымдағы жылдың жазында құрылыс алаңына КҚК акционер компаниялары өкілдерінің делегациясы келді. Инспекциялық топ құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуына, техникалық жарақтандырылуына, сондай-ақ КҚК мен мердігер ұйым қызметкерлерінің еңбекті қорғау стандарттарын қатаң сақтауына жоғары баға берді.
Қазіргі уақытта станцияда аумақты тік жоспарлау, ғимараттардың, құрылыстар мен жабдықтардың іргетастары мен ростверктерін орнату жұмыстары толық аяқталды, кірме жол салынды. Құрылыс аумағынан инженерлік желілер басқа жерге көшірілді. Кабель эстакадасының металл конструкцияларын монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Магистральдық сорғы станциясы ғимаратының металл қаңқасын құрастыру және болашақ агрегаттарды қосуға арналған технологиялық құбырларды дәнекерлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жаңа инженерлік желілерді төсеу жалғасуда. Жабық тарату құрылғысы мен жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияның технологиялық еденасты кеңістігі жасалуда. Құрылыс алаңына жиілік түрлендіргіштеріне арналған блок-бокстардың төрт жиынтығының үшеуі жеткізілді. Олар 21 технологиялық модульден тұрады. Жабдықтардың соңғы партиясы жақын арада жеткізіледі деп күтілуде.
Еске сала кетейік, КҚК нысандарын газ турбиналарынан сыртқы электрмен жабдықтауға көшіру бағдарламасы 2024 жылы жобалау жұмыстары басталған кезден бері жүзеге асырылып келеді. 2025 жылы КҚК мен «Транснефть» ЖАҚ ұйымдар жүйесіне кіретін «УДМ» ЖШҚ басқарушы компаниясы 11 магистральдық сорғы агрегатын дайындау, жеткізу және монтаждау жұмыстарын техникалық сүйемелдеу туралы келісімшартқа қол қойды.
2026 жылы бұған дейін дайындалған тәжірибелік үлгіні сынау басталды: сорғы КҚК-ның №7 мұнай айдау станциясында, ал электр қозғалтқышы «Транснефть» ЖАҚ-тың «Торгили» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясында сынақтан өткізілуде.
«Комсомольская» МАС-ынан бөлек, ағымдағы жылы «Кропоткинская» МАС-ында газ турбиналық қондырғылары бар магистральдық сорғы агрегаттарын ауыстыру бағдарламасын іске асыруды бастау жоспарланып отыр. Модернизацияның келесі кезеңінде А-МАС-4А нысанын жаңарту көзделген.
#КаспийҚұбырКонсорциумы #КҚК #СЭЖБағдарламасы